Онлайн Спартакиадаға қатысуға шақырамыз !
29.07Пандемия кезеңінде қызметкерлерімізді жұмылдыру, корпоративтік мәдениетті қолдау, позитивті көңіл-күйді сақтау міндеті ерекше маңызға ие.
Спорт әрдайым біз үшін жақсы дәстүр мен корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі болып келген. Осыған байланысты Сіздерді келесі спорт түрлері бойынша онлайн Спартакиадаға қатысуға шақырамыз:
*Киберспорт (мобильді ойындар). Өткізу күні: 2020 жылдың 25-26 тамызы.
- PUBG Mobile (командалық біріншілік)
- Clash Royale (жеке біріншілік)
*Онлайн шахмат (жеке және командалық біріншіліктер). Өткізу күні: 2020 жылдың 27 тамызы.
*Жекелеген жаттығулар (жеке біріншілік). Видео өтінім қабылдау: 2020 жылдың 22 тамызына дейін.
- қолды бүгіп жазу (ерлер/әйелдер)
- тартылу (ерлер)
- бёрпи (әйелдер)
- кеудеден гір көтеру (ерлер)
- ең креативті жаттығу (ерлер/әйелдер)
Қазіргі жағдайда Компанияның спорттық дәстүрі аса маңызды мәнге ие. Бұл да індетке қарсы тұрудың бір жолы.
Спартакиадамыздың ұраны #біргежеңеміз
Коронавирусқа қарсы шығып, адал күресте жеңіске жету үшін бәріміз бірігейік!Біз – бір командамыз, Қазатомөнеркәсіп командасымыз!