Онлайн Спартакиадаға қатысуға шақырамыз !

29.07

Пандемия кезеңінде қызметкерлерімізді жұмылдыру, корпоративтік мәдениетті қолдау, позитивті көңіл-күйді сақтау міндеті ерекше маңызға ие.

Спорт әрдайым біз үшін жақсы дәстүр мен корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі болып келген. Осыған байланысты Сіздерді келесі спорт түрлері бойынша онлайн Спартакиадаға қатысуға шақырамыз:

*Киберспорт (мобильді ойындар). Өткізу күні: 2020 жылдың 25-26 тамызы.

- PUBG Mobile (командалық біріншілік)

- Clash Royale (жеке біріншілік)

*Онлайн шахмат (жеке және командалық біріншіліктер). Өткізу күні: 2020 жылдың 27 тамызы.

*Жекелеген жаттығулар (жеке біріншілік). Видео өтінім қабылдау: 2020 жылдың 22 тамызына дейін.

- қолды бүгіп жазу (ерлер/әйелдер)

- тартылу (ерлер)

- бёрпи (әйелдер)

- кеудеден гір көтеру (ерлер)

- ең креативті жаттығу (ерлер/әйелдер)

Қазіргі жағдайда Компанияның спорттық дәстүрі аса маңызды мәнге ие. Бұл да індетке қарсы тұрудың бір жолы.

Спартакиадамыздың ұраны #біргежеңеміз

Коронавирусқа қарсы шығып, адал күресте жеңіске жету үшін бәріміз бірігейік!Біз – бір командамыз, Қазатомөнеркәсіп командасымыз!