Бёрпи: Тапсырма – жаттығуды техника жағынан дұрыс, 2 минут ішінде мүмкіндігінше ең көп мөлшерде жасау. Дұрыс жасалған циклдер саны есепке алынады. Түрегеліп тұрған қалпынан жатып, кеуде мен жамбасты жерге тигізіп, алақанды еденнен көтеріп секіргенде орнынан тұрады, екі қолды бастан жоғары көтере шарт еткізеді немесе басына қолын тигізеді. Кадрда секундомердің болуы шарт.
Жүлде қоры
1 орын - 80 000 теңге
2 орын - 60 000 теңге
3 орын - 40 000 теңге
Ережелері:
Турнирге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік орталығы мен ЕТҰ-ның тек штаттағы қызметкерлері (одан әрі – Қатысушалар) қатыса алады.
Турнирге қатысу және жеке басын куәландыру үшін әрбір қатысушы міндетті түрде осы сайтта тіркелуі қажет.
Онлайн Спартакиаданың Мандат комиссиясы онлайн тіркеу кезінде спортшылар ұсынған ақпараттың Регламент талаптарына сәйкестігін тексереді.
Турнирді ұйымдастыру және өткізумен ойын ережелеріне сәйкес шешім қабылдайтын осы спорт түрінің төрешілер алқасы айналысады.
Турнир қатысушылары жарыс барысындағы жеке басының қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін өздері жауап береді.
ТолығырақҚатысу кезеңдері
Видеоролик түсіру
Сайтта видеороликті жүктеумен қоса тіркелу
Ескендіров Талғат Айтжанұлы
ТөрешіГір спортынан ҚР спорт шебері/қолма-қол ұрыстан спорт шеберіне үміткер/кроссфит жаттықтырушысы L1 дәрежесі
Ержан
Өтініш, тіркелуге байланысты туындаған сұрақтар бойынша осы телефон нөмеріне хабарласыңыз .
+7 707 413-12-40