Қазатомөнеркәсіптің киберспорттық ойындары

10.08

4 тамызда Қазатомөнеркәсіптің онлайн Спартакиадасына дайындық аясында атом холдингінің қызметкерлері үшін шеберлік сыныбы өткізілді, оның барысында Қазақстандық киберспорт сарапшылары қысқа мерзімде қажетті дағдыларды қалай игеру және табысқа жету жолдарын көрсетті.

Бүкіл әлемде киберспорттың танымалдығы артып келеді. Мұндағы жаңа құбылыс деп мобильді киберспортты атауға болады. Өйткені ол қуатты компьютерлерге, сымды құрылғыларға, үйдегі интернетке қосылмайды: енді турнирлерге қатысып, кез-келген жерде және кез-келген жағдайда ойнай аласыз. Бұл ойындар үшін қазіргі өмірдің ажырамас атрибуты ретінде әрқашан қолыңда болатын жақсы ұялы телефон болуы жеткілікті.

Мобильді ойындардың мазмұны да олардың танымал болуына ықпал етеді: олар қарапайым және қысқа, сонысымен де адам өмірінің қазіргі ырғағымен өте жақсы үйлесім табады. Сондықтан мобильді ойындар биыл Қазатомөнеркәсіптің онлайн Спартакиадасы бағдарламасына енгізілді. Clash Royale және PUBG mobile – ең танымал мобильді кибер ойындар.

Шеберлік сабағын «Канина пауэр» PUBG mobile бойынша Еуропаның үздік командасының жаттықтырушысы Асқар DGR Ахметов, сарапшы, Clash Royale кәсіби комментаторы Михаил drenotur Мун және турнир әкімшісі, Киберспорт федерациясының төрешісі Олег Орличенко өткізді. Кездесудің жазып алынған нұсқасы сілтемеде.

Еске сала кетсек, Clash Royale кез-келген адам ойнай алатын жеке ойын. Ал PUBG mobile турниріне әр кәсіпорыннан бір команда қатысады.

Онлайн Спартакиада қатысушыларына сәттілік тілейміз!